“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) бас директоры А. Б. Жұмағұлова халықаралық бағдарламалық аккредиттеу туралы куәлікті табыс етті

06.02.2020

2020 жылғы 30 қаңтарда Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (IAAR) бас директоры А.Б.Жұмағұлова Санкт - Петербург қаласындағы "Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті" Жоғары білім беру федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында, IAAR Аккредиттеу Кеңесінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, үш білім беру бағдарламасының 5 жыл мерзімге халықаралық бағдарламалық аккредиттеу туралы куәлікті салтанатты түрде табыс етті :

05.03.05. - "Қолданбалы гидрометеорология", 05.03.06. - "Экология және табиғатты пайдалану", 35.03.08. - "Су биоресурстары және аквамәдениеті" аккредиттелген бағдарламалардың жетекшілерін университет ректоры-Михеев Валерий Леонидовичті және бүкіл ұжымды халықаралық аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтады.

Әріптестер