“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 18 білім беру бағдарламасының сыртқы аудитін жүзеге асырды

06.04.2026

2026 жылғы 31 наурыз – 03 сәуір аралығында Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде жүзеге асырылып жатқан 18 білім беру бағдарламаларының сыртқы аудитін жүргізді. Аудит қамтыған құрылымдық бөлімшелерге Физика-техникалық ғылымдар институты, Цифрлық ғылымдар және жасанды интеллект институты, Жаратылыстану ғылымдары институты, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі, сондай-ақ Көлік-энергетика факультеті мен Халықаралық қатынастар факультеті кіреді.

Тексеру барысында сыртқы сарапшылар комиссиясы аккредиттелетін бағдарламалардың материалдық-техникалық инфрақұрылымы мен оқу-зертханалық базаларында тексеру жүргізді, оқу сабақтарына қатысып, тәжірибе базаларымен танысқан. Сонымен қатар сарапшылар білім беру процесінің ұйымдастырылуын, білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесін және университеттің ғылыми-зерттеу қызметін кешенді түрде талдады.

Университет ұжымымен өткізілген қорытынды кездесуде комиссия төрағасы — IAAR халықаралық сарапшысы, Латвия университетінің профессоры, Dr. Habil.chem, Maris Klavins аудиттің алдын ала нәтижелерін баяндады, университеттің қол жеткізген жетістіктерін атап өте отырып, оның миссиясының одан әрі табысты іске асырылуына деген тілегін білдірген.

Әріптестер