IAAR "ҚР ЖОО сұраныстың ұлттық рейтингі -2022" қорытындысын жариялады
21.07.2022
2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан IAAR рейтингі елдегі танымал және маңызды жыл сайынғы оқиғаға айналды. "ҚР ЖОО сұраныстың ұлттық рейтингі – 2022" көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындары, сондай-ақ өнер жоғары оқу орындары қатысты. IAAR әдістемесі білім беру бағдарламаларын саралап қана қоймай, Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарының Бас рейтингін де ұсынуға мүмкіндік береді.
ҚР жоғары оқу орындарының сұраныстың ұлттық рейтингісінің нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (366313 ұпай) бірінші орынды сенімді ұстап отыр. Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары арасында жинаған ұпай саны бойынша көшбасшылар:
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (232179 ұпай), С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (136899 ұпай). Еліміздің үздік бестігіне Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (101871 ұпай), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (65392 ұпай), Алматы технологиялық университеті (64522 ұпай) кірді.
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары сұраныстың ұлттық рейтингі білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал етеді және білім беру сапасының нарық талаптарына сәйкестік дәрежесі, оқытушылардың мойындалуы және ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігі туралы жұртшылықтың хабардар болуын қамтамасыз етеді.
"Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары сұраныстың ұлттық рейтингі – 2022" туралы толық ақпаратты «Education. Quality Assurance» журналынан және веб-сайтта: www.iaar.agency сайтынан табуға болады.
Әріптестер