“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR «Қазақстан – академиялық білім аумағы» атты Халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысты.

03.11.2025

2025 жылғы 31 қазанда IAAR Бас директоры – Жумагулова Алина Бакытжановна Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Астана қаласында ұйымдастырған «Қазақстан – академиялық білім аумағы» атты Халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысты.

Халықаралық форумның Пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сөз сөйлеп, ғылым мен білім жүйесін дамыту үшін цифрлық құзыреттер мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті. Форум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім беру жүйесінің перспективалары мен шетелдік серіктестермен бірлесіп дамудың мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.

Күннің екінші жартысында Стратегиялық серіктестер кеңесінің отырысы өтті. Шетелдік серіктестер – Ұлыбритания, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея және Қазақстан жоғары оқу орындарының басшылары өз университеттерін таныстырып, Қазақстандағы филиалдарының қызметі туралы ақпарат берді.

Форумға жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, шетелдік университет филиалдарының өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, аккредиттеу органдарының өкілдері, сондай-ақ ғылым мен жоғары білім саласының сарапшылары қатысты.

Форум жоғары білім мен ғылымды одан әрі дамыту саласындағы үздік тәжірибе алмасу, жаһандық үрдістерді талқылау және бірлескен шешімдер әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.

Әріптестер