“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR жыл сайынғы Еуропалық сапаны қамтамасыз ету форумына (EQAF) қатысты.

19.11.2021

2021 жылғы 18-19 қарашада Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) өкілдері онлайн режимінде «Building trust and enhancement: from information to evidence» атты жыл сайынғы Еуропалық сапаны қамтамасыз ету форумына (EQAF) қатысты. Жоғары оқу орындарының, студенттердің, аккредиттеу агенттіктерінің, зерттеушілер мен сапаны қамтамасыз ету жөніндегі мамандардың басын қосқан форум тәжірибе алмасу және сапаны қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау үшін диалог алаңы болды.

EQAF 2021 форумында сарапшылар қауымдастығының басты назары сапалық және сандық деректер мен әртүрлі ақпарат көздері арасындағы сәйкес теңгерімге қол жеткізу болды; сапаны қамтамасыз ету және сенімді қалыптастыру мақсатында сыртқы және ішкі сапаны қамтамасыз етуге қатысты әртүрлі деректер мен дәлелдемелерді тиімді пайдалану, оларды түсіндіру. EQAF 2021 сапаны қамтамасыз ету саласында үлкен мүмкіндіктер беретін цифрландыру процестеріне ерекше назар аударды. Форум туралы қосымша ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады.  https://www.eua.eu/events/138-2021-european-quality-assurance-forum.html.

Әріптестер