“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған академиялық саясат Форумына қатысты

29.04.2022

2022 жылғы 29 сәуірде Бас директор Жұмағулова Алина Бакытжанқызы мен кеңесшісі Яновская Ольга Алексеевна Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған академиялық саясат жөніндегі форумға қатысты.

Жұмағұлова Алина Бақытжанқызы "Педагогикалық бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын талдау" тақырыбында баяндама жасады, сыртқы сараптау комиссиялары сарапшыларының ұсынымдарына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы айтып берді, онда педагогикалық жоғары оқу орындарының әлсіз және күшті жақтарын ұсынды және бітіруші-педагогтарды даярлау сапасын арттыру үшін бірқатар іс-шаралар ұсынды.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, ҚР БҒМ Вице-Министрі К. А. Ерғалиев, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Г. И. Көбенова және Министрліктің басқа да өкілдері, ЖОО ректорлары мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Әріптестер