“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR CEENQA Bi-monthly Meeting жиналысына қатысты

16.03.2022

2022 жылдың 16 наурызында CEENQA Bi-monthly Meeting жиналысы өтті. Кездесуге IAAR Бас директорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары – Тимур Қанапьянов пен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі маман – Айқыз Бауыржанқызы қатысты.

Айқыз Бауыржанқызы Агенттік туралы презентациясында IAAR қызметіне, оның миссиясы мен негізгі мақсаттарына, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ агенттіктің COVID-19 пандемиясы кезінде жүргізген сапаны қамтамасыз ету тәжірибесіне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, қатысушылар білім беру сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылап, жемісті пікір алмасуға үлес қосты.

Жиналыс туралы қосымша ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://www.ceenqa.org/category/events/

Әріптестер