IAAR Медициналық білім беру мамандарының ресейлік қоғамы – РОСМЕДОБР-дың IV Халықаралық конгресіне қатысты
03.12.2025
2025 жылғы 26-28 қарашада Мәскеу қаласында Медициналық білім беру мамандарының ресейлік қоғамы – РОСМЕДОБР-дың IV Халықаралық конгресі өтті, оған Бас директордың кеңесшісі О.А. Яновская қатысты.
РОСМЕДОБР IV Халықаралық конгресі аясында «Медицинадағы инновациялық оқыту технологиялары-2025» XVI Халықаралық форумы және Медициналық білім беру мамандарының ресейлік қоғамының IV съезі, сондай-ақ медициналық білім беру мен білім беру саласындағы ұйымдарға арналған озық технологиялар мен шешімдер көрмесі өтті.
Конгресс жұмысына білім беру ұйымдарының басшылары, оқытушылар, медициналық ұйымдар, өңірлік және муниципалды билік өкілдері қатысты. Конгреске қатысушылар келесі өзекті мәселелерді талқылады:
Медициналық білім мен клиникалық практиканы дамыту;
Білім беру сапасын басқару және оқытушылардың кәсіби дамуы;
Жоғары оқу орындарының рейтингтерге қатысуы;
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бейімдеу;
Жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді енгізу;
Халықаралық және өңіраралық ынтымақтастық, халықаралық жобаларды іске асыру;
Нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер.
Әріптестер