“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR Азаматтық авиация академиясының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты

09.12.2025

2025 жылғы 5 желтоқсанда Азаматтық авиация академиясының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Конференцияға Тәуелсіз Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Бас директорының кеңесшісі Яновская О.А. қатысты.

«Академия бүгін – ертең» тақырыбында Академия ректоры Сейдахметов Б.К. баяндама жасады. Салтанатты іс-шаралар аясында «Азаматтық авиация академиясының 30 жылдығы: жады–тарих–болашақ» атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесері, «30 жыл көкте» атты фотокөрме, сондай-ақ инновациялық жобалар көрмесі және қызметкерлер мен серіктестерді Академияның 30 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттау өтті.

Ресми бөлімде Алматы қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы, ҚР Көлік министрлігінің өкілдері, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, БҰҰ Ғаламдық коммуникациялар департаменті, сондай-ақ ғылыми және академиялық қауымдастықтың серіктестері құттықтау сөз сөйледі.

Әріптестер