“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR «Ғылым және білім – адамзаттың болашағы» халықаралық конференциясына қатысты

18.11.2025

2025 жылдың 14-15 қарашасында «Санат» Ұлттық білім беруді дамыту ғылыми орталығының 10 жылдығына арналған «Ғылым және білім – адамзаттың болашағы» халықаралық конференциясы өтті, оған Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) Бас директорының кеңесшісі – Яновская О.А. қатысты.

Конференцияда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері, инновацияларды енгізу, білім беру сапасын қамтамасыз ету, медициналық мамандарды халықаралық аккредиттеу және сертификаттау, сондай-ақ медицина кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, білім беру ұйымдарының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, Қазақстанның медициналық қауымдастықтарының басшылары және алыс-жақын шетелдердің өкілдері қатысты.

Әріптестер