“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR «Қазақстанның ғылыми журналдары: сапа, басқару және халықаралық интеграция» тақырыбындағы республикалық семинарға қатысты

22.01.2026

2026 жылғы 20 қаңтарда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің базасында ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұйымдастырған «Қазақстанның ғылыми журналдары: сапа, басқару және халықаралық интеграция» тақырыбындағы республикалық семинар өтті. Семинар жұмысына Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің кеңесшісі Яновская О.А. және ақпараттық-талдамалық жобаның жетекшісі Конусова П. қатысты.

Іс-шара аясында ғылыми журналдардың сапасын арттыру, редакциялық-баспа үдерістерін жетілдіру, халықаралық талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қазақстандық ғылыми басылымдардың әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциясын кеңейту мәселелері қарастырылды.

Семинар жұмысына офлайн және онлайн форматта 150-ден астам журнал редакторлары мен қызметкерлері, сондай-ақ республиканың жоғары оқу орындарының академиялық қауымдастығының өкілдері белсенді түрде қатысты.

Әріптестер