IAAR «Білім беру ұйымын институционалдық аккредиттеуге дайындау: білім беру сапасын қамтамасыз ету механизмдері» тақырыбындағы семинарға қатысты
20.02.2026

2026 жылғы 20 ақпанда IAAR Бас директоры – А.Б. Жұмағұлова және Кеңесші – О.А. Яновская Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы мектеп директорлары үшін ұйымдастырған «Білім беру ұйымын институционалдық аккредиттеуге дайындау: білім беру сапасын қамтамасыз ету механизмдері» тақырыбындағы семинарға қатысты.
IAAR Бас директоры А.Б. Жұмағұлова білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының алдында «Мектептерді халықаралық аккредиттеу – білім беру сапасын арттыру механизмі ретінде» тақырыбында презентация жасады. Өз сөзінде ол қазіргі жағдайдағы білім беру ұйымдарын аккредиттеудің рөлі, оны дайындау мен өткізу кезеңдері, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен IAAR тәжірибесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Семинар жұмысына Астана қаласының орта білім беру саласының 50-ден астам өкілі қатысты.
Әріптестер