“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR Баку инженерлік университетіне халықаралық аккредиттеу сертификаттарын тапсыру рәсіміне қатысты

14.04.2026

9-10 сәуір күндері Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агентстігінің (IAAR) Бас директоры Алина Жумагулова және агентстік кеңесшісі Ольга Яновская Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарын жасады. Сапар барысында Baku Engineering University-не халықаралық аккредиттеу сертификаттарын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.

Жүргізілген сыртқы білім сапасын бағалау қорытындысы бойынша университеттің 6 білім беру бағдарламасы IAAR халықаралық аккредиттеуін алды. Бағдарламалардың халықаралық білім сапасы стандарттарына сәйкестігін растайтын сертификаттар Baku Engineering University басшылығына ресми түрде табыс етілді.

Кездесу барысында IAAR өкілдері университетті аккредиттеуден сәтті өткені үшін құттықтап, білім беру процесінің жоғары ұйымдастыру деңгейін, сондай-ақ университеттің үздіксіз жетілдіруге және дамуға ұмтылысын атап өтті.

Baku Engineering University басшылығы IAAR сарапшылары мен басшылығына кәсіби бағалау және білім беру бағдарламаларының одан әрі дамуына және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін конструктивті ұсынымдар үшін алғысын білдірді.

IAAR өкілдерінің сапары жоғары білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды және білім беру мекемелерінің халықаралық стандарттарға сәйкес болуға ұмтылысының айғағы болып табылады.

Әріптестер