IAAR «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ Жоғары алқалы кеңесінің отырысына қатысты
24.11.2025
2025 жылғы 21 қарашада IAAR бас директорының кеңесшісі Яновская О.А. «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ Жоғары алқалы кеңесінің отырысына қатысып, нәтижелерді талқылау барысында сөз сөйледі.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі – Альназарова Акмарал Шарипбаевна, Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының төрайымы – Жангереева Г., Халықаралық қайта құру және даму банкі өкілі – Жумадил Б., медициналық ЖОО, медициналық қауымдастықтардың және шетелдік орталықтардың басшылары қатысты.
Отырыста медициналық кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету, қазіргі денсаулық сақтау жүйесінде мейіргерлердің құзыреттерін тәуелсіз бағалаудың рөлі, сондай-ақ АҚШ-тың Ұлттық медициналық емтихан орталығының (NBME) халықаралық тәжірибелерін Қазақстандағы денсаулық сақтау мамандарының кәсіби құзыреттерін бағалау жүйесіне енгізу мүмкіндіктері талқыланды.
Әріптестер