IAAR Гонконгте өткен «APQN – 2025 Академиялық конференциясы мен жыл сайынғы жалпы жиналысына» қатысты.
24.11.2025
2025 жылғы 21–23 қараша аралығында IAAR Бас директоры Жумагулова А.Б. Гонконгте өткен Азиаттық-Тынық мұхиты сапаны қамтамасыз ету желісінің (APQN) Бас Ассамблеясына және «Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі ынтымақтастықты кеңейту» атты академиялық конференцияға қатысты. Іс-шараны APQN Гонконгтың Академиялық және кәсіби біліктіліктерді аккредиттеу жөніндегі кеңесімен (HKCAAVQ) бірлесіп ұйымдастырды.
Бас директор Жумагулова Алина Бақытжановна конференцияда «Халықаралық аккредитация саласындағы ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында баяндама жасап, IAAR тәжірибесімен және жаһандық білім беру кеңістігінің трансформациясы жағдайындағы халықаралық аккредитацияның заманауи тәсілдерімен бөлісті.
Конференция жұмысына сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің жетекші сарапшылары мен басшылары қатысты: APQN президенті – Галина Мотова, HKCAAVQ атқарушы директоры және конференцияның қабылдаушы тарапы – Альберт Чоу. Іс-шарада Еуропалық сапа кепілдігі реестрінің (EQAR) президенті – Стефан Ловик, Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету қауымдастығының (ENQA) бұрынғы президенті – Дуглас Блэксток, сондай-ақ Азиаттық-Тынық мұхиты өңірі, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің жоғары оқу орындары, ұлттық агенттіктері мен халықаралық ұйымдарының өкілдері болды.
Конференция бағдарламасына APQN комитеттерінің жұмыс кездесулері енгізіліп, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған стратегиялық бастамалар мен шаралар талқыланды. IAAR-дың 2025 жылғы «APQN академиялық конференциясы мен жыл сайынғы жалпы жиналысына» қатысуы агенттіктің халықаралық аренадағы беделін нығайтып, жаһандық білім беру кеңістігінде сапаны қамтамасыз етуді дамытуға бағытталған әріптестікті кеңейтуге ықпал етеді.
Әріптестер