“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR халықаралық сарапшыларды даярлау үшін тегін оқыту семинарын ұйымдастырып, өткізді

24.09.2025

2025 жылғы 23 қыркүйекте Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі орта білім беру ұйымдарындағы Сыртқы эксперттік комиссия құрамында халықаралық сарапшыларды даярлау үшін тегін оқыту     семинарын ұйымдастырып, өткізді. Семинарға мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, педагогтар, әдіскерлер, сондай-ақ шетелдік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында халықаралық аккредитация стандарттары мен критерийлері, сондай-ақ мектептерді сыртқы бағалаудың үздік тәжірибелері жан-жақты қарастырылды. Спикерлер халықаралық аккредитацияның білім сапасын қамтамасыз ету тетігі ретіндегі рөлі, халықаралық бағдарламалар мен стандарттарды ұлттық МЖМБС-пен (ГОСО) ықпалдастыру сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Әсіресе, сарапшының аккредитация үдерісіндегі негізгі тұлға ретіндегі рөліне, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен негізгі талаптарға ерекше назар аударылды.

Оқыту семинары болашақ сарапшылардың құзыреттерін қалыптастыруға арналған тиімді алаңға айналды. Қазақстан Республикасының 9 өңірінің қатысушылары теориялық негіздермен қатар практикалық дағдылар мен құралдарды меңгеріп, мектептерді сыртқы бағалаудың халықаралық тәсілдеріне сәйкес сарапшы міндеттерін сапалы атқаруға мүмкіндік алды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 

СЕМИНАР БАЯНДАМАШЫЛАРЫ

 

Әріптестер