“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR «Білім беру қызметтерінің экспорты: халықаралық аккредиттеудің озық тәжірибелері» тақырыбында Workshop өткізді

16.01.2026

2026 жылғы 15 қаңтарда «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» мекемесі (НААР) ҚР ҒЖБМ ұйымдастырған «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» форумы аясында «Білім беру қызметтерінің экспорты: халықаралық аккредиттеудің озық тәжірибелері» тақырыбында Workshop өткізді. Онда ҚР ҒЖБМ ЖЖОКБСҚК Төрағасы А.Ж. Тойбаев құттықтау сөз сөйлеп, НААР-дың тек республикада ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де ЖОО-лардың білім сапасын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.

НААР Бас директоры А.Б. Жұмағұлова «Халықаралық аккредиттеу және білім сапасы: трендтер мен жаңа көкжиектер» тақырыбындағы баяндамасында цифрлық трансформация және ЖИ (ИИ) дамуы жағдайында сапалы білім беруді Қазақстан Республикасы экспортының жаңа түрі ретінде қамтамасыз етуге бағытталған Workshop-тың негізгі мақсатын атап өтті.

НААР кеңесшісі О.А. Яновская Workshop қатысушыларымен бірге халықаралық стандарттардың заманауи архитектурасына негізделген жаңа білім беру ортасының дизайнын талқылап, ЖОО-ларды халықаралық аккредиттеуге дайындау мақсатында білім сапасына деген көзқарастарды жақсарту үшін әлсіз тұстар мен «түйіткілді мәселелерді» қарастырды.

НААР сарапшысы Р.С. Досмағамбетова білім беру бағдарламалары басшылары мен ЖОО-дағы негізгі процестердің сапасын қамтамасыз ететін қызметкерлердің әдістемелік және сарапшылық біліктілігін арттыру арқылы медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысушылардың назарын аударды.

НААР-дың I санатты сарапшысы Г.С. Ақыбаева жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесінде сапаны бағалау және мониторингтеу практикаларын қолдану саласындағы ЖОО басшыларының басқарушылық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Ішкі жүйедегі сапаны бағалау және мониторингтеу практикалары» тақырыбында Workshop өткізді.

Workshop жұмысына республиканың жоғары оқу орындарының 150-ден астам басшылары: ректорлар, проректорлар, сапа комитеттерінің бастықтары, сарапшылар және ОПҚ қатысты. Workshop қорытындысы бойынша қатысушылар ЖОО-ны стратегиялық басқару, тәуекелдерді басқару жүйесіндегі және аккредиттеуден сәтті өтуді қамтамасыз етудегі сапаны бағалау мен мониторингтің рөлі туралы басқарушылық көзқарасты құрылымдады. Соңында барлық қатысушылар сертификаттар алды.

Әріптестер