“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша II Орта азиялық халықаралық форум

17.10.2018

Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі (АРТА) білім беру сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, пайда болған қиындықтарды , даму мүмкіндіктері мен болашағы жөнінде мәселерді талқылау және шешімін табу мақсатында Орталық Азия сапасын қамтамасыз ету форумын өткізді. I-ші Орталық Азия форумы 2017 жылы Алматы қаласында өтті және оған 11 мемлекеттің өкілдері қатысты. Форумда Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі (АРТА) мен Орталық Азия аймағының жоғары оқу орындары арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың негізі қаланды.

2018 жылдың 16 қазанында Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі (АРТА)  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорымен бірлесе отырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша II Орталық Азия халықаралық форумын өткізді. Онда 15 мемлекеттен 200-ден астам өкіл қатысты. Форумда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, Орталық Азия мемлекеттерінің білім беру вице-министрлері (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан),  сонымен қатар Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Белорусия  ЖОО ректорлары, жұмыс берушілер мен студенттер өкілдері сөз сөйледі. Форумның белсенді қатысушылары кәсіби қауымдастықтың өкілдері болды. Форумның басты спикерлері - Еуропалық сапа кепілдігі агенттігінің (EQAR) президенті Карл Дитрих, Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуропалық қауымдастықтың президенті Кристофер Гролимунд, сондай-ақ Бельгия, Германия, Нидерланды, Латвия, Молдова және Ресейден келген шетел аккредитациялық органдарының басшылары болды.

Форум аясында пленарлық отырыс өткізілді, 3 ірі панелдік сессия: «Орталық Азия елдерінде ESG 2015 бағдарламасын іске асыру»; «Болон процесінің білім беру жүйесін жетілдірудегі рөлі мен әсері»; «Орталық Азия аймағында халықаралық аккредитация» және «Қазақстан Республикасындағы Эразмус + жобалары» жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.

ІІ Орталық Азия форумы халықаралық платформа ретінде халықаралық аккредитациялау тәжірибесін қарастыруға, пікір алмасуға, Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігінің (АРТА) ынтымақтастық болашағын айқындауға, білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін олардың әлеуетін және қорларын біріктіруге мүмкіндік берді.

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Орталық Азия форумы жыл сайынғы дәстүрге айналып, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің академиялық және кәсіби қауымдастығы тарапынан үлкен қызығушылық оятуда. Форумға қатысушылардың кеңінен белсенді атсалысуы  және қызығушылығы, сондай-ақ ұсынылатын шешімдердің сындарлылығы оның практикалық бағдарлануымен, табыстылығымен және жоғары әлеуетімен дәлелдейді!

Әріптестер