“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

«SCOME Camp» II теориялық-практикалық форумы

26.02.2023

2023 жылдың 23-26 ақпан аралығында Ақтөбе қаласы «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ базасында Қазақ медицина студенттер қауымдастығы (KazMSA) ұйымдастырған «Медициналық білімнің пандемиядан кейінгі қалпына келуіне» арналған «SCOME Camp» II теориялық-практикалық форумы өтті.

IAAR Медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу жобасының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Джакенова Алиса Сатбекқызы «Халықаралық аккредиттеу: IAAR тәжірибесі» атты есеппен қатысты.

Форумға Қазақстанның 8 медициналық университетінің оқытушылары мен студенттері, аккредиттеу агенттіктері мен медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Форум аясында келесі іс-шаралар өткізілді: хирургиялық шеберлік сыныптары, зертханалық талдау, электрокардиография бойынша семинарлар, бес негізгі бағыт бойынша хирургиялық дағдылар олимпиадасы (гепато-, абдоминальды, травматологиялық, пластикалық микрохирургия) және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тренингтер.

Әріптестер