“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша III Орталық Азия Халықаралық Форумы

07.10.2019

2019 жылы 4-5 қазанда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА/IАAR) Түркістан қаласында «Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша III Орталық Азия Халықаралық форумын» өткізді.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі - Шолпан Танатовна Каринова, Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі - Сайфиддин Хайридин Давлатзода, Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ететін халықаралық еуропалық желілердің, шетелдік аккредиттеу органдарының, білім беру ұйымдарының жетекшілері Әлемнің 20 елі (Бельгия, Венгрия, Германия, Нидерланды, Ресей, Болгария, Чехия, Түркия, Латвия, Молдова, Египет, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.), Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қауымдастығы және 30-дан астам қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ректорлары, студенттер мен жұмыс берушілері қатысты.

АРТА/IAAR директоры А.Б. Жумагулова пленарлық отырысты ашып, баяндама жасады. Пленарлық отырыстың ашылуында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның атынан форумға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов атынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице – министрі Шолпан Танатовна Каринова құттықтау сөз сөйледі.

Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі Давлатзода Сайфиддин Хайриддин Тәжікстан Республикасының Білім және ғылым министрі Саид Нуриддин Саидовичтің атынан форумға қатысушыларға құттықтау сөзін оқыды.     

Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Қаныбек Абдуваситұлы Исаков атынан Қырғыз Республикасының делегациясы құттықтау сөз сөйледі.
 

НААР/IAAR өткізетін жыл сайынғы «Орталық Азия Халықаралық білім беру сапасын қамтамасыз ету Форумы» көптеген мемлекеттік қызметкерлерді, академиялық және кәсіби қоғамдастық өкілдерін тартады. Форум жыл өте танымал болып келеді, оған дәлел ретінде 2017 жылы Алматыда форумға 400-ден астам адам, ал 2018 жылы Нұр-Сұлтанға 500 адам қатысты.

Түркістан қаласында ІІІ Орталық Азия халықаралық форумына 600-ден астам адам қатысты. Форум Орталық Азия мен Еуропадағы мынадай мәселелерді анықтауға және білім сапасын көтерудің жолдарын анықтауға мүмкіндік берді; жоғары білім беру жүйесінде сапалы институционалдық өзгерістерге ықпал ету; білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; мамандарды даярлау, түлектердің сұранысы және жұмысқа орналасу деңгейін көтеру; академиялық ұтқырлық пен білім беруді интернационалдандыруды күшейту; оқу процесіне қатысушылардың мүдделерін теңдестіру қағидаттары бойынша университеттер, жұмыс берушілер, мүдделі тараптар арасындағы өзара әрекеттестіктің тиімді жүйесін қалыптастыру; әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуін кеңейту.

«Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі III Орталық Азия Халықаралық форумы» ғылыми және білім беру қоғамдастығына қатысушылар арасында тәжірибе алмасу және байланыс орнату алаңына айналды, оның нәтижесі – білім беру ұйымдары, ғылыми және халықаралық компаниялар арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қою.

Форумның тиімді жұмысы байланыстар орнату, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және келіссөздер мен трансұлттық білім беруді дамытудың жалғасы болып табылатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және басқа да бірқатар елдердің жоғары оқу орындары ректорларының көпжақты кездесулеріне әкелді.

1 панельдік сессия: Білім сапасын қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі.

Қазіргі әлемдік трендтерге сәйкес сапаны қамтамасыз ету жүйесін дамыту, халықаралық аккредитацияның рөлі мен маңызын арттыру мәселелері талқыланды.

2 панельдік сессия: Білім беру сапасын арттыру және ғылымды коммерцияландыру: сандық трансформацияның үрдістері мен трендтері.

Білім беру жүйесін жаңғырту туралы баяндамалар тыңдалды және кадрларды даярлау, еңбек нарығында түлектердің қажеттілігі, сондай-ақ ғылыми жобаларды ілгерілетудің халықаралық тәжірибесі және студенттерді ПОҚ-ты мен ҒЗЖ-ға тарту мәселелері талқыланды.

 

3 панельдік сессия: Студентке бағдарланған оқыту және сапаны бағалау. Жаһандық ойлау бейнесі тұрғысынан студенттің бағдарлы көзқарас мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды (Globalmind-set).

4 панельдік сессия: АРТА/IАAR – медициналық білім беру сапасын бағалау медициналық жоғары оқу орындарының білім беру сапасын қамтамасыз етуге қойылатын заманауи талаптар мен талаптарды және білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында білім беру қызметін арттыру жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Дөңгелек үстелде: Академиялық еркіндік және білім берудің интернационалдануы жағдайындағы университетті стратегиялық басқару барысында студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлық деңгейін жоғарылату мақсатында университеттердің стратегияларын дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің заманауи тәсілдерін талқылады.

Екінші күні, қорытынды пленарлық отырыстан кейін, форум ұйымдастырушылары Түркістан облысының киелі жерлеріне саяхат жасады.

Форумның нәтижелі жұмысының қорытындысы болашақта білім беру сапасы мен білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жүйесіндегі оң өзгерістердің векторы болатын ұсыныстар болып табылады.

2020 жылдың қазан айында – Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша IV Орталық Азия Халықаралық форумы еліміздің шығысында - Өскемен қаласында өтеді.

Әріптестер