“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IREG IX Конференциясы, Хасселт, Бельгия, 23-25 мамыр 2018 жыл

25.05.2018

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА)Белгия Хасселт Университеті базасында өткен «Рейтинг және Аккредиттеу – бір мақсатқа апарар екі жол ма?» (Ranking and Accreditation - two roads to the same goals?),IREG IX Конференциясына қатысты. Конференция сапаны қамтамасыз ету мекемелерінің өкілдерін, жүзден аса мемлекеттен, соның ішінде АҚШ, Франция, Италия, Польша, Румыния, Венгрия, Түркия, Ресей, Үнді, Катар, Қытай, Қазақстан және т.б. жоғары білімді аккредиттеу және саралау саласындағы ғалымдар мен сарапшылардың басын қосты.

Конференция мазмұны жоғары білім сапасын ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде жоғарылатуға, сонымен қатар жоспарлаған нәтижелерге жетудегі рейтинг және аккредиттеу маңыздылығы және дамудың алдағы бағыттарын анықтауға бағытталған.

Конференция жұмысы IREG президенті Jan Sadlak алғысөзімен басталды, ол аккредиттеу және рейтинг бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда білім берудегі сапаны қамтамасыз етудің маңызды және тәуелсіз механизмі екенін айтты.

Конференция бағдарламасы сессия жұмыстарын қарастырған: Рейтинг және аккредиттеудің жоғары білім сапасын дамытудағы рөлі – Америка және Еуропа тәжірибесі;

- Рейтинг және аккредиттеу Азия, Африка және Латын Америка елдерінде;

- Аккредиттеу және рейтинг университет стратегиясының менеджментінде;

- Инженерлік білімдегі рейтинг пен аккредиттеу арасындағы көпір;

- Рейтинг негізгі көрсеткіштерді анықтау құралы ретінде;

- Академиялық саралаудағы соңғы жетістіктер.

Әріптестер