Орталық Азия елдерінің білім министрлерінің конференциясы
18.06.2021
2021 жылдың 17-18 маусымында Түркістан қаласында (Қазақстан Республикасы) «Орталық Азия жоғары білім беру кеңістігі: аймақтық ынтымақтастық, ұлттық реформалар» атты Орталық Азия елдерінің білім министрлерінің конференциясы өтті.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) Бас Директоры - Алина Жұмағұлова аталмыш конференцияға қатысып, "Қазақстан Республикасы және Орталық Азия елдерінде білім беру сапасын арттыру: IAAR тәжірибесі" атты баяндама жасады.
Конференцияның басты мақсаты - аймақтық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, интернационалдандыруды кеңейтуге және жоғары оқу орындарын дамытудың болашақ стратегиялық басымдықтарын анықтауға бағытталған Болон процесінің принциптері негізінде Орталық Азия елдерінің жоғары білім беру жүйелерін біріктіруге атсалысу болды.
Конференцияда Еуропалық Одақтың, Еуропалық Кеңестің, Еуропалық Комиссияның, Болон процесі обсерваториясының өкілдері және Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің Еуропалық тізілімі (EQAR) директоры Колин Тук, CIMEA директоры - Лука Лантеро, EUA президенті - Майкл Мерфи және академиялық қауымдастықтың өкілдері сөз сөйледі.
2021 жылдың 18 маусымында Орталық Азия елдерінің білім министрлері - аймақтағы жоғары білім берудің ұлттық жүйелерін дамыту және Орталық Азия жоғары білім беру кеңістігін (CAHE) құру туралы мәселелерді, сондай-ақ, аймақтың интеллектуалды әлеуетін біріктіру мақсатында білім беру жүйелерін синхрондау және мемлекетаралық қатынастарды одан әрі дамытудың перспективаларын онлайн форматта талқылады.
Әріптестер