ЖБЕК елдері министрлерінің конференциясы-2020
25.11.2020
2020 жылғы 18-20 қарашада ЖБЕК-2020 елдері министрлерінің конференциясы өтті. Қазақстан атынан делегация құрамында IAAR Бас директоры А. Б. Жұмағұлова қатысты. Қазақстанның атынан Білім және ғылым министрі А. Қ. Аймағамбетов қатысты.
Конференция жұмысына 3000-нан астам қатысушы, 48 жоғары білім министрлері, Еуропа Кеңесі, Еурокомиссия, ЕQAR (жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің еуропалық тізілімі), ЮНЕСКО, EURASHE (жоғары оқу орындарының Еуропалық қауымдастығы), EUA (Еуропалық студенттер одағы) және басқалар қатысты.
Конференцияда Жоғары білім беру жүйесін одан әрі дамытудың 2030 жылға дейінгі коммюникесі қабылданды, ол мынадай маңызды бағыттарды қамтиды: жоғары білімге тең қол жеткізу үшін жағдай жасау – инклюзивтілік; ғылыми зерттеулермен байланысты оқытудың жаңа әдістері мен практикасын енгізу – инновациялылық; білім алмасу және үздік практика үшін халықаралық ынтымақтастықты, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту. Сондай-ақ, конференцияда білім министрлеріне ЖБЕК-де жоғары білім сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірленіп, ұсынылды.
2020 жылғы 25 қарашада ҚР Білім және ғылым министрлігі өткізетін ЖБЕК-2020 елдері министрлері конференциясының қорытындылары талқыланды, онда IAAR Бас директоры Алина Жұмағұлова сөз сөйледі, таяудағы 10 жылға жоғары білім беру жүйесін одан әрі дамытудың векторы ретінде Рим Коммюникесінің маңызды міндеттеріне тоқталды.
Әріптестер