“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Әдістемелік семинар: «Болашақ мамандықтар атласы: білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу»

15.10.2025

2025 жылғы 14 қазанда Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығымен бірлесіп «Болашақ мамандықтар атласы: білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді.

Семинар қатысушыларына IAAR Бас директоры – Жумагулова Алина Бақытжанқызы құттықтау сөз сөйледі, ол оқу бағдарламаларын қарқынды өзгеріп жатқан еңбек нарығымен және жаңа кәсіби бейіндермен үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Семинар спикерлері ретінде «Мамандығым-Болашағым» жобасының жетекшісі – Сакенов Олжас Берлесұлы және сарапшы – Скиба Марина Александровна сөз сөйледі.

Семинар жұмысына IAAR сарапшылары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Қатысушылар жаңа мамандықтар атласын білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту процестеріне интеграциялау, жасанды интеллектті енгізу жағдайында білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету және бағалау әдістері, сондай-ақ цифрлық траекториялар жағдайында инновациялық білім беру бағдарламаларын жобалау мәселелерін талқылады.

Цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуын ескере отырып, жаңа мамандықтар Атласы негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жаңарту және сапасын қамтамасыз ету бойынша әдістемелік семинар сарапшылар үшін ғана емес, бүкіл академиялық қауымдастық үшін маңызды іс-шара болды. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Сертификаттар алды.

Приложения

презентация семинара «Атлас профессий будущего: разработка и внедрение образовательных программ»

Әріптестер