“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

НААР-дын Қырғыз Республикасындағы халықаралық аккредиттеуі және рейтингтік зерттеулері

30.10.2017

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Қырғыз Республикасы Білім министрлігімен тәуелсіз аккредиттеуді және рейтнгтік зерттеулерді жүргізу арқылы сапаны қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық саясатты сәтті іске асыратын агенттік ретінде, сонымен қатар ENQА және IREQ толық мүшесі ретінде мойындалды.

АРТА ҚР Білім және ғылым министрлігімен жүйелі түрде әрекеттеседі, халықаралық аккредиттеу және жоо саралау бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.

2017 жыл 21-22 қазанда И.Раззаков атындағы Политехникалық университет (1954 жылы құрылған) базасында Бишкек қаласында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттінгі жоо өкілдері үшін «АРТА-нің Қырғыз Республикасындағы халықаралық аккредиттеуі және рейтингтік зерттеулері» семинарын өткізді.

Семинар халықаралық аккредиттеуді өткізу бойынша жүйеслі матеиалдармен және Қырғыз Республикасының жоғарғы оқу орындарын АРТА саралау әдістері мен принциптерімен таныстыру мақсатында өткізілді.

Семинар Қырғыз Республикасының білім және ғылым министрі орынбасары Кожобекова Кудайберди Гапаралиевич алғы сөзімен ашылды. .

Семинар бағдарламасы жоғарғы және жоо кейінгі білім беру жүйесінің сапа мәдениетін қамтамасыз ету сұрақтарын қамтыды, соның ішінде:

✓ Білім сапасын қамтамасыз етуде Тәуелсіз агенттіктің рөлі.

✓ Білім беру мекемелерін акрредиттеу рәсімі.

✓ Университеттерді саралау әдістемесі (Ғаламдық, халықаралық және ұлттық рейтинг).

Семинар аясында АРТА Қырғыз Республикасының жоо саралау критерийлерін талқылады.

Семинар туралы толығырақ ақпарат www.edu-gov.kg және www.kstu.kg

Әріптестер