“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

AMEE-2017 Халықаралық конференциясы

31.08.2017

2017 жылдың 26-30 тамыз аралығында Хельсинки (Финляндия) қаласында медициналық білім беру сапасын дамыту саласындағы ірі іс-шараның бірі – жыл сайынғы AMEE 2017 халықаралық конференциясы өтті.

Бас ұйымдастырушы 1972 жылы құрылған, медициналық оқытушылар, студенттер және стейкхолдерлердің медициналық білім беру сұрақтары бойынша ұлттық қауымдастықты жетілдіру бойынша диалогтық алаңы болып табылатын Еуропадағы медициналық білім қауымдстығы (АМЕЕ) болды. AMEE Медициналық білім бүкіләлемдік федерациясының (ВФМО) жергілікті қауымдастығы және ВФМО Орындаушы кеңесінің мүшесі болып табылады.

AMEE конференциясы бүкіл әлем бойынша 3000 астам қатысушыларды жұмылдырады және денсаулық сақтау саласында қызығушылық танытқан тұлғалардың кездесу, байланыс орналастыру, идеялармен және инновациялармен алмасу орны болып табылады.

Пленарлық отырыс және параллель секциялар жұмысына АРТА директоры Жумагулова А.Б. және жоба жетекшісі Нурахметова А. қатысты.

Конференция бағдарламасына кірді:

- XXI ғасырдағы медицинаны оқыту сұрақтары бойынша пленарлық отырыс: тапсырмалар мен мүмкіндіктер;

- жаһандық бірігуді және оқытудағы әртүрлілікті дамытуды бекіту бойынша отырыс;

- кәсіп аралық білім; медициналық білімдегі әлем тенденцияларының сәйкессіздік мәселелері; аналитиканы және көп мәліметті зерттеу және т.б. бойынша презентациялар;

- параллель сессиялар («Бейімді оқыту ерекшеліктері. Медициналық білім үшін оқу бағдарламасы», «Денсаулық сақтаудағы симуляция: конференция қатысушылары арасындағы пікірмен алмасу» және т.б.);

- AMEE курсы.

Әріптестер