Халықаралық Азия-Тынық мұхиты сапа желісі конференциясы (APQN)
27.03.2018
Азия-Тынық мұхиты сапа желісі (APQN) 2003 жылы Халықаралық жоғары білімдегі сапа кепілі агенттіктері желісі (INQAAHE) және Бүкіләлемдік банк қолдауымен құрылған және қарқынды дамып келе жатқан халықаралық мекеме болып табылады.
2018 жылы 22-24 наурызда Нагпур қаласында (Индия) Азия-Тынық мұхиты сапа желісі бас ассамблеясы аясында «Capacity Building for Next - Generation Quality Assurance in Higher Education / Укрепление потенциала для обеспечения качества высшего образования следующих поколений» APQN халықаралық семинары болды, семинар жұмысына Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі қатысты.
Іс-шара 35 Азия аймағы елдерінің, Ресей, Еуропа (Ұлыбритания, Хорватия, Литва) өкілдерінің басын қосты. Алғысөз кезінде APQN президенті Джанксин Джан ханым осындай конференцияларлды өткізу арқылы жоғары білім сапасын жоғарылату дамушы елдер үшін маңызды екенін атап өтті.
Қатысушыларға іс-шара бағдарламасы таратылды онда – жоғары білім және жүйе өзгерісі қажеттілігі туралы сұрақтарды қамтыған пленарлық отырыс, пленарлық сессиялар, workshop режиміндегі талқылаулар болды.
Конференция соғында келессі маңызды тақырыптар қозғалды:
- Сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің потенциалын дамыту;
- Сапаны қамтамасыз етудің халықаралық, өңірлік және ұлттық жүйесі (Аккредиттік агенттіктердің үздік тәжірибесі; Азия және Еуропа елдеріндегі сапаны қамтамасыз ету жүйсіндегі мәселелер);
- Бағдарламалық аккредиттеу және институционалды аудит: басқару мүмкіндігі;
- Үндістандағы жоғары білімдегі және аккредиттеудегі негізгі мәселелер;
- Аккредиттік органдардың кадрлық потенциалын бекітудің халықаралық тәжірибесі (Айқындық және әлеуметтік жауапкершілікті жоғары оқу орындарының тұрғысынан сапаны бақылау; Кәсіби дамыту сарапшылар/аудиторлар; Тәуелсіз бағалау, біліктілікті элементі ретінде ұлттық сапаны қамтамасыз ету жүйесі);
- Ақпараттық және транснационалдық білімді дамыту (Қытайдағы жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін ақпараттандыру; Азия елдеріндегі сапаны қамтамасыз ету агенттері және кәсіби аудиторлар, олардың студенттердің біліктілігін және мобильділігін мойндаудағы рөлі).
Жабылу рәсімінде қатысушылар – академиялық қауымдастық, сапа бойынша шетелдік агенттіктер, өкілетті органдар өкілдері жоғары білімнің әр мемлекеттік негізгі басымдығы екенін атап өтті. Жоғары білім мақсаты – бәсекеге қабілетті адамдарды тауып олардың талантын тиімді пайдалану. Сапалы білім мәдениеттер арасындағы алшақтықты жойып, олардың тіл-табысуына көмектеседі.
Әріптестер