“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

«Білім берудің жаңа тәсілдері: «Жоғары білім жұмысқа орналасу әлеуетін дамытатын процесс» атты халықаралық конференциясы

19.09.2018

2018 жылдың 18 қыркүйегінде өткен Алматы қаласындағы НАРХОЗ университетінде Білім берудің жаңа тәсілдері: «Жоғары білім жұмысқа орналасу әлеуетін дамытатын процесс» жобасы шеңберінде Эразмус + «Біліктілікті дамыту және жұмыспен қамту орталықтарын құру (Complete)» атты халықаралық конференцияна АРТА-ның өкілдері М.А. Скиба мен Г.К. Ысқақова қатысты. Конференцияның негізгі міндеттері жастар үшін жұмысқа орналасу әлеуетін қалыптастыру үшін қажетті құзыреттілікті анықтау және жаңарту әдістерін талқылау үшін жұмыс берушілерге, мансаптық орталықтарға, түлектерге, рекрутингтік агенттіктерге, кәсіби қауымдастықтарға, мемлекеттік қызметтер мен жоғары оқу орындарына интерактивті алаң құру, студенттерге қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталған. Конференцияда білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз етудегі жұмыс берушілердің рөлін арттыру және консорциум мүшелерімен алынған нәтижелерді ұсынатын АРТА тәсілдері ұсынылған.

Әріптестер