Халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы
11.04.2025
2025 жылдың 10-11 сәуірде Астана қаласында медицина ғылымының жетістіктеріне, клиникалық практикаларға, фармацевтикалық инновацияларға, қолданылатын технологияларды бағалау әдістеріне, медицина кадрларын даярлау сапасын арттыруға және денсаулық сақтауды дамытудың негізгі мәселелерін талқылауға бағытталған "Денсаулық сақтаудағы прогресс және даму: клиника, фармация және медициналық білім беру бағдарламаларын аккредиттелуі" халықаралық ғылыми-білім беру конференциясы өтті. Стратегиялық даму жөніндегі кеңесші Г. К. Искакова "Білім беру ұйымдарын/білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу медициналық кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз етудің тиімді тетігі ретінде" баяндама жасады. Конференция жұмысына медициналық академиялық, клиникалық, фармацевтикалық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері және Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Словения, Түркия және т. б. қатысты.
Әріптестер