“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Алғаш рет халықаралық Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР/IAAR) Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарына аккредиттеу жүргізді

24.12.2019

Алғаш рет халықаралық Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР/IAAR) Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарына Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазан мемлекеттік медицина университеті» ФМБДББМ және Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті (РМГМУ, Санкт – Петербург қ.) аккредиттеу жүргізді. НААР/IAAR стандарттары мен талаптары ESG білім беру сапасының Еуропалық стандарттарына және Бүкіләлемдік Медициналық білім беру Федерациясының – WFME стандарттарына толық сәйкес келеді

Бүгінгі таңда НААР/IAAR ұстанымдары ұлттық және шетелдік деңгейде білім беру сапасын қамтамасыз етудегі агенттіктің тиімді дамуының және тұрақты өсуінің нәтижесі болып табылады.

Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті НААР/IAAR Аккредиттеу Кеңесінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өтті және Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазан мемлекеттік медицина университеті» ФМБДББМ 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өтті.

 

Бүгін Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті (РМГМУ, Санкт-Петербург қ.) гидрометеорология саласында білім беру кешенін ұсынатын Ресейдің жалғыз университеті болып табылады, табиғатты тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, Солтүстік, Сібір және Қиыр Шығыс жағдайларында жұмыс істеу үшін мамандар даярлауды жүргізеді.

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазан мемлекеттік медицина университеті» ФМБДББМ - Ресейдің ежелгі жоғары оқу орындарының бірі және  жоғары оқу орындары арасында жетекші орынға ие, 205 жыл бойы денсаулық сақтау жүйесі үшін мамандарды көп деңгейлі дайындауды қамтамасыз етуде. Бүгінгі таңда Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазан мемлекеттік медицина университетіне» ФМБДББМ Ресейдің үздік жоғары оқу орындарының Үздік - 10 қатарына кіреді.

Әріптестер