“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

«Аккредиттеу – Қырғыз Республикасындағы білім беру мекемелерінің сапасын қамтамасыз етуінің жаңа векторы» Халықаралық форумы

23.05.2018

2018 жыл 18 мамырда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірге Бішкек қаласынжа Қырғызстандағы жоғарғы білімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін әлемдің стандарттарды ескеріп жоғарылату бойынша өзекті мәселелерге арналған «Аккредиттеу – Қырғыз Республикасындағы білім беру мекемелерінің сапасын қамтамасыз етуінің жаңа векторы» халықаралық форумын өткізді.

Форум жұмысына Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Кожобеков К.Г, Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаты, АРТА Аккредиттік Кеңесі төрағасы Бозымов К.К., М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ректоры, Оңтүстік аймақ төрағасы Сарыбеков М.Н., АРТА I санатты сарапшысы, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бірінші проректоры Шункеев К.Ш, Қырғыз Республикасы ҰҒА корреспондент-мүшесі Мамбетакунов Э.М., АРТА Қырғыз Республикасындағы сарапшы-өкілі, Баткен Мемлекетттік Университетінің Жаратылыстану және технологиялық ғылымдар Институты директоры Тайиров М.М., Қырғызстан және Қазақстан ЖОО жетекшілері, АРТА сарапшылары және академиялық қауымдастықтар өкілдері қатысты. Форумға 150-ден аса адам қатысты.

Халықаралық форум мақсаты – білім сапасын қамтамасыз ету, АРТА халықаралық аккредиттеу рәсімінен өту сұрақтары бойынша тиімді коммуникациялық алаң жасау, тәжірибе және Қырғыз Республикасындағы жоғары білім жүйесін дамыту және модернизациялау идеяларымен алмасу.

Пленарлық отырыста халықаралық аккредиттеу және білім сапасын қамтамасыз ету мәдениетін дамыту тәжірибесіне бағытталған білім сапасын қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарға сәйкестігі бойынша өзекті сұрақтар талқыланды, біліммен алмасуға әсер ететін ашықтықты қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері қарастырылды.

Форум аясында Қырғыз Республикасы ЖОО алғашқы АРТА саралау нәтижері бойынша сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

Форум қатысушылары білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету сұрақтарының шешімі маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берген іс-шараның өткізілуінің жоғары деңгейін атап өтті.

Әріптестер