“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

«Аймақтықтағы жаһандық: Қазақстан Болон үдерісі мен ЕО жобаларында» халықаралық онлайн-форумы

21.10.2020

2020 жылғы 20-21 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығы «Аймақтықтағы жаһандық: Қазақстан Болон үдерісі мен ЕО жобаларында» халықаралық онлайн форумын өткізді.

Форум Қазақстанның Болон үдерісіне қатысуының 10 жылдығына және ЕО Темпус және Эразмус+ бағдарламаларына қатысуының 25 жылдығына арналған.

Форумға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Қ. Аймағамбетов, Орталық Азия елдерінің білім министрлері, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі бөлімінің басшысы, Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық тізілімнің (EQAR) директоры Колин Тук, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) Бас директоры А. Жұмағұлова және академиялық қоғамдастық өкілдері қатысты.

IAAR бас директоры «Болон үдерісі қағидаттарын және ESG стандарттарын іске асыру шеңберінде IAAR халықаралық аккредитациясы» таныстырылымымен сөз сөйледі, халықаралық аккредиттеу қағидаттары мен Агенттіктің жетістіктері туралы айтып берді.

Қатысушылар Болон үдерісінің қағидаттарын таратуды, жаңа сын-тегеуріндер жағдайында жоғары білім беруді дамытудағы жаңа трендтерді, жоғары оқу орындарының дербестігін кеңейтуді және осы жылдар ішінде үздік шетелдік тәжірибені енгізуге және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңғыртуға оң ықпал етуге мүмкіндік берген өзгерістердің тізбесін талқылады.

Әріптестер