“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

«Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: ұлттық деңгейдегі тетіктер мен институционалды іске асыру» атты халықаралық аймақтық семинар

18.09.2021

2021 жылдың 16-18 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: ұлттық деңгейдегі тетіктер мен институционалды іске асыру» атты халықаралық аймақтық семинар өтті. Оған IAAR Бас директоры А.Б. Жұмағұлова және Кеңесші - О.А.Яновская қатысты.
Семинардың мақсаты - жоғары оқу орындарының сапасын қамтамасыз етудің тиімді моделін талқылау және әзірлеу арқылы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арасында сапа мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. QAA аккредиттеу жөніндегі менеджері  - Элисон Фелс және Ұлыбританиялық халықаралық сапа маманы  -Ян Уэлч ,  EHEA, Ұлыбритания және басқа да шет елдерде сапаны бақылаудан сапаны қамтамасыз ету жүйесіне дейінгі ұлттық модельдерді ұсынды. Семинарда Еуропалық Одақ елдеріндегі жоғары білім сапасын арттыру жүйесінің тәжірибесі қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстандағы сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау мен талдау, сондай-ақ, ұлттық деңгейде сапаны қамтамасыз ету құралдарын қалыптастыру жолдары талқыланды.

Әріптестер