“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

«Жоғары білімнің ішкі сапасын қамтамасыз ету» атты өзекті тақырыпқа халықаралық вебинар

31.05.2020

2020 жылдың 29 мамырында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі «Жоғары білімнің ішкі сапасын қамтамасыз ету» атты өзекті тақырыпқа халықаралық вебинар өткізді, оған алыс және жақын шетелдерден: Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Молдова, Украина, Өзбекстантан 150-ден астам адам қатысты. НААР/IAAR бас директоры А. Б. Жумагулова  өз сөзінде: «COVID -19 пандемиясы жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету» Агенттіктің Ел ішіндегі және шет елдердегі қызметі туралы, бүгінгі күні білім беруде болып жатқан терең өзгерістер туралы және ҚР БҒМ 2020 жылғы 18 мамырда бекіткен «Білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» туралы айтты, онда білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымдары ESG халықаралық стандарттарына негізделген Сапаны қамтамасыз етудің шкі жүйесін құру қажеттігі айтылды.

ENQA - Жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық Қауымдастығының жобалық менеджері Anna Gover сөз сөйлеуі үлкен қызығушылық тудырды, ол ENQA қызметі және пандемия жағдайында қашықтықтан оқыту форматына көшуге байланысты жоғары білім берудегі жаңа тәсілдер туралы айтты. О. А. Яновская - АРТА/IAAR кеңесшісі өз сөзінде: «Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі саласындағы НААР/IAAR саясаты» Агенттікте СҚЕІЖ қалыптастыру және дамыту бойынша тәжірибесімен бөлісті, онда сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі тиімді ұйымдастырылған және енгізілген, оған сәйкес сапа мәдениетін қалыптастыру мен ілгерілетуге басым назар аударылады. Халықаралық вебинарға белсенді қатысушылардың бірі  М. А. Скиба, НААР/IAAR I санатты сарапшысы, NARXOZ University ректоры кеңесшісі, ол ЖОО-да сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін дамыту қажеттілігі және практикалық ұсыныстар туралы айтты.

«Жоғары білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету» халықаралық вебинары үлкен оң жаңғырық пен кең еркін пікірталасты тудырды және осы кезеңде білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың жаңа әдістерін талқылауда академиялық қоғамдастықтың үлкен қызығушылығын және оны өткізудің маңыздылығы мен мәнін анықтауға мүмкіндік берді.

Әріптестер