“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

АРТА және Қазақстан студенттер Альянсы

19.04.2018

2018 жыл 19 сәуірде Аккредиттеу және рейтинтің тәуелсіз агенттігі жетекшілігі «Республикалық студенттік қозғалыс «Қазақстан студенттер Альянсы» Қоғамдық бірлестігінің көшбасшыларымен кездесу өткізді.

Қазақстан студенттер Альянсы мемлекет бойынша мыңдаған студенттердің басын қосатын және өз қызметінде жоо-ның білім сапасын жоғарылатуға, студенттердің құқығын қамтамасыз етуге, студенттердің интеллектуалды, шығармашылық потенциалын тиімді реализациялауға тырысатын ірі мекеме.

АРТА өз қызметі аясында студенттер өкілдерін жоо-ды және колледждерді сыртқы бағалау үрдісіне, соның ішінде агенттіктің Сарапшылық және Аккредиттік кеңестеріне іске тартып келеді.

Кездесу барысында АРТА Директоры Жумагулова А.Б. және «Қазақстан студенттер Альянсы» Президенті Тустикбаев И. Екі мекеме арасындағы серіктестік туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою болашақта Қазақстанның дамуы және көркеюі идеясы базасында қазақстандық студенттер консолидациясы саласында жақынырақ өзара әрекеттесуге, сапаны қамтамасыз ету және отандық жоғарғы білім саласын жетілдіру саласында студенттердің білімділігін жоғарылатуға жәрдемдеседі.

АРТА және студенттер Альянсы жұмысы келессі салаларға бағыт алады:

- білім беру сапасын қамтамасыз ету саласында ашықтылық және объектілік деңгейін жоғарылату;

- оқушыларды білім беру қызметі мен білім беру бағдарламаларының сапасы бойынша ақпараттандыру;

- студенттерді сарапшы ретінде іске тартып және білім сапасын бағалау бойынша сарапшыларды дайындау арқылы серіктестікті дамыту;

- білім беру мекемелерін тәуелсіз бағалау және аккредиттеу механизмдері саласында тәжірибе алмасу;

- ұлттық және халықаралық деңгейде аккредиттеу саласында мүдделержі өзара ұсыну, соынмен қатар Тараптарды ұлттық сапаны бағалау жүйесінде қолдау.

Әріптестер