“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR 2020 жылдың 20 наурызынан бастап «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)» Халықаралық рейтингін өткізеді

20.03.2020

Жоғары оқу орындарын халықаралық білім беру кеңістігіндегі позицияларды анықтау, білім берудің жоғары сапасын және білім беру қызметтерінің халықаралық нарығында сіздің университетіңіздің зияткерлік әлеуетін дамыту деңгейін көрсету үшін "IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)" халықаралық рейтингіне қатысуға шақырамыз.

"IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)" халықаралық рейтингі Webometrics элементтері бар цифрлық технологияларды пайдалана отырып, арнайы әзірленген әдістеме негізінде жүргізіледі, бұл саралауды тәуелсіз және ашық бағалауға және жоғары оқу орындарына объективті баға беруге мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орындары төрт бағытта 20 параметр бойынша бағаланады: академиялық бедел, сапалық құрам, ғылыми әлеуетті шоғырландыру және ЖОО-ны интернационалдандыру.

"IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)" халықаралық рейтингіне қатысу жоғары оқу орнының беделі мен танымалдығын, оның әлемдік білім беру қоғамдастығындағы беделін арттыруға, шетелден дарынды талапкерлер мен студенттерді тартуға ғана емес, сонымен қатар ұлттық және халықаралық білім беру нарығында жоғары оқу орнының имиджін көтеруге мүмкіндік береді.

Халықаралық рейтинг нәтижелері сайттарда жарияланады:

  • www.ireg-observatory.org
  • www.iaar.agency.kz

"IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR)" халықаралық рейтингіне қатысу үшін ЖОО басшысының қолы қойылған ресми хатты электрондық мекенжайға жолдау қажет rating.iaar@gmail.com 

Сіздердің өтінімдеріңізді күтеміз!

Әріптестер