“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

НААР жоғары білімді реформалау бойынша сарапшыларға арналған халықаралық семинарға қатысады

06.04.2017

Халықаралық жобалар және қоғаммен байланыс жоба жетекшісі Канапьянов Т. Е 5-6 сәуірде Алматы қаласында, Нархоз Университет базасында өтетін "Студенттер жоо басқару және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі әріптес" атты халықаралық семинарға қатысады. Семинар жұмысына Шығыс және Батыс Еуропа, Жерорта теңізі, Орталық Азияның 30-дан астам елдер өкілдері, ҚР білім және ғылым Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаменті, ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығы, Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің өкілдері қатысады. Бұл семинар (SPHERE) жоғары білімді реформалау бойынша сарапшыларды қолдау және әрі қарай дамыту бойынша Консорциумның (ЕАСЕА) білім, аудиовизуалды құралдар және мәдениеті бойынша Атқарушы Агенттіктің қолдауымен өткізілді.

Канапьянов Т. Е. пленарлық отырыста "Қазақстан білім сапасын қамтамасыз ету жүйесіндегі студенттердің рөлі" тақырыбында сөз сөйледі.

Халықаралық семинар жайында толығырақ ақпаратты ресми сайтынан сілтеме бойынша білуге болады http://supporthere.org/almaty2017

Әріптестер