НААР ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі Латвия павильонда жоғары білім бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты
22.06.2017
21 маусым 2017 жылы Халықаралық мамандандырылған "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне Латвия Республикасының Білім және ғылым Министрлігі ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Латвия білім және ғылым Министрлігінің өкілдері, Қазақстандағы Латвияның Елшілігі, ақпарат Академиялық орталығын және білім беруді дамытудағы мемлекеттік агенттігі (Латвия), ҚР Білім және ғылым Министрлігі, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА), Латвия, Қазақстан және тағы басқалар жоғары оқу орындары қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – екі елдің арасындағы министрліктер, үкіметтік органдар, сапаys қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктер және жоғары оқу орындарымен жемісті ынтымақтастықты нығайту жөніндегі диалог алаңын құру.
Дөңгелек үстел аясында сындарлы ақпаратпен алмасты, одан әрі ынтымақтастығын дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Латвия өкілдері таныстыруында Латвия Республикасының жоғары білім басымдықтары туралы, жоғары білім беру саласындағы екі елдің жемісті ынтымақтастық дамуы, дипломдарды тану, қазақстандық жоғары оқу орындары қатысуымен білім беру сапасын қамтамасыз ету және Erasmus+ бағдарламалар мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, Латвияның Орталығы Академиялық Ақпараты (AIC) – біздің агенттіктің байырғы және сенімді серіктесі. Қол қойылған меморандумның шеңберінде АРТА және AIC арасында жоғары оқу орындарының сапасын сыртқы бағалау жұмыс бойынша іс-тәжірибе алмасу және сарапшыларды тарту жүргізілуде. Біздің латын серіктестер сапасын қамтамасыз ету бойынша әр түрлі іс-шараларға белсене араласып жүр.
Дөңгелек үстелден кейін барлық қатысушылар Латвия жасыл энергетика павильонында инновациялық жобалармен танысты.
Әріптестер