НААР Қырғыз Республикасында сарапшылар дайындау бойынша семинарлар өткізді
25.05.2017
6 сәуір 2017 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Қырғыз Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ұлттық тізіліміне кірді.
Қырғызстан жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларын сапасын бағалау үшін сарапшыларды дайындау мақсатында, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі оқыту семинарларын өткізеді. Семинар-тренингтер Бішкек қаласында 22-23 мамырда және Ош қаласында 24-25 мамырда 2017 жылғы өтті. Жаттықтырушылар ретінде з.ғ.к., АРТА Директоры Жумагулова Алина Бакытжановна; АРТА ғылыми кеңесші Сейдахметова Римма Ганиевна; ф.-м.ғ.д., профессор, АРТА Сараптамалық кеңесінің мүшесі, білім беру бағдарламаларын саралау әдіснамасын әзірлеуші, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті стратегия және халықаралық байланыстар жөніндегі - бірінші проректор Шункеев Куанышбек Шункеевич; пед.ғ.д., АРТА Сараптамалық кеңестің төрағасы, Нархоз Университеті ректорының кеңесшісі Скиба Марина Александровна болды.
Семинардың бағдарламасына сәйкес Қырғызстан сарапшылар мен академиялық қауымдастық кандидаттарына мынадай өзекті тақырыптармен танысу және зерделеу мүмкіндігі берілді: «Білім сапасын тәуелсіз бағалау: АРТА тәжірибесі», «АРТА даму стратегиясы: құндылықтары мен басымдықтары», «Деңгейлері мен бағыттары бойынша мамандарды дайындаудағы жоғары оқу орындарын рейтингтік зерттеу әдіснамасы», «Сапасын қамтамасыз етудеегі трендтер: Еуропадан Орталық Азияға. ESG мен АРТА стандарттарының өзара байланысы», «АРТА сарапшыларына қойылатын біліктілік талаптары».
Сондай-ақ, семинар аясында іскерлік ойындар, интерактивті сессия және топпен жұмыс ұйымдастырылды. Семинар қорытындысы бойынша АРТА сертификаттары табысталды.
Әріптестер