“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

НААР Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша агенттіктер тізіліміне (EQAR) кірді

29.06.2017

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тіркеу бойынша Комитеттің шешімімен Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша агенттіктер тізіліміне (EQAR) кірді. EQAR 2005 жылдан бастап еуропалық жоғары білім кеңістігінің дамуын сапаны қамтамасыз етудің әділдігін жоғарылату және еуропа мемлекеттерінде қызмет ететін агенттіктер туралы ақпаратты беру арқылы қамтамасыз ететін негізгі мекеме. EQAR кіру аккредиттеу органдары үшін ең үлкен жетістік болып табылады.

Қазіргі таңда Еуропалық сапаны қамтамасыз ету тізіліміне 22 мемлекеттен 44 агенттік кіреді. Қазақстан 48-інші Болон үрдісі қатысушыларының ішінен 23-ші мемлекет болды. АРТА-нің Еуропалық тізілімге кіруі біздің агенттігіміздің стратегиялық тапсырмаларының бірі болып табылады және АРТА аталған мәртебені алу үшін өз қызметін үздік шетелдік сарапшылар жүргізетін көпсапалы бағалаудан өткізді. Мойындалған агенттік мәртебесін алу АРТА қызметінің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды және мәртебелі мекеменің сенімд артқандығын куәландырады.

Біз АРТА сарапшыларын, академиялық қоғамдастықты және серіктестіктерді осындай маңызды оқиғамен құттықтаймыз және білім сапасын арттыру бойынша жұмыста табыс тілейміз!

Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша агенттіктер тізіліміне кірген аккредиттеу агенттіктері туралы ақпарат және АРТА-нің кіру туралы ресми шешім келессі сілтеме https://www.eqar.eu/register/search.html

Әріптестер