“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

НААР Қырғыз Республикасы Білім және ғылым Министрлігі тізіліміне кірді

19.05.2017

2017 жылы 6 мамырда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі 29.09.2015 жылы №670 Қырғыз Республикасы Үкіметі қаулысымен бекітілген "Білім беру саласындағы аккредиттеу агенттіктері тәртібін тану» және 06.04.2017 жылы №395/1 білім және ғылым Министрлігінің бұйрығына сәйкес аккредиттеу органы ретінде танылып және Қырғыз Республикасы Ұлттық тізіліміне енгізілді.

АРТА-ның Қырғыз Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Тізіліміне қосылуы агенттіктің елеулі нормативтік және әдіснамалық базасы, сараптамалық қауымдастықтың кәсіптік құрамы және Орталық Азия елдерінде сапа мәдениетін жылжытуға бағытының тұрақты даму көрсеткіші болып табылады.

Біз сіздерді Қазақстан және Қырғызстанның барлық академиялық қауымдастығын халықаралық танудағы кезекті жетістігімен құттықтаймыз және ағайын Қырғызстан Республикасы жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысына сәттілік тілейміз.

Әріптестер