“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Орталық Азиялық білім платформалары жобасы аясында Жоғары және техникалық кәсіптік білім берудің сапасын қамтамасыз ету және аккредиттеу ұлттық семинары

30.05.2017

25 мамыр 2017 жылы Астана қаласында Орталық Азиялық білім платформалары (ЦАПО) жобасы аясында Жоғары және техникалық кәсіптік білім берудің сапасын қамтамасыз ету және аккредиттеу ұлттық семинары өтті.

Семинар жұмысына шетелдік сарапшылар: Байба Рамина, Латвияның Академиялық ақпарат орталығы директоры; Клаудио Донди, ЦАПО білім және кадрларды дайындау сарапшысы; Эва Хмелецка, Білім зерттеу институты, Польша; Кристиан Вагнер, Орталық-Азиялық білім беру платформалар жетекшісі, сондай-ақ ҚР БҒМ, ҚР БҒМ БҒСБК, ҚР БҒМ БПОжАҰ, Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім Департаменті ұлттық өкілдері, сондай-ақ академиялық жұртшылық, аккредиттеу агенттігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары қатысты. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі атынан халықаралық жобалар және қоғаммен байланыс жоба жетекшісі Т.Е.Қанапьянов, жөніндегі, ақпараттық-сараптамалық жоба жетекшісі Мырзағалиева А.Х. болды.

Семинарда мынадай мәселелер талқыланды:

- ЖБЕК (ESG) сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу стандарттарs мен нұсқауы – соңғы үрдістер мен сын-қатерлер;

- кәсіптік білім беру және оқытудағы (EQAVET) сапаны қамтамасыз ету және жоғары және техникалық және кәсіптік білім берудегі аккредиттеу мен байланыс сапасын қамтамасыз ету;

- сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу жүйесіне заңдар, нормативтік база және институционалдық шарттарын практикалық енгізу

Сонымен қатар, Латвия және Польша сапасын қамтамасыз ету жүйесінде ең жақсы практикаларды тарату және тәжірибе алмасу мақсатында сарапшылар презентациялары ұсынылды.

Семинар соңында келесі іс-шараларда талқыланатын мәселелер тобы айқындалды.

Әріптестер