“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Қырғыз Республикасының Жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтинг қатысушыларын марапаттау – 2022

19.07.2022

2022 жылдың 15 шілдеде Бішкек қаласында И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің базасында "Қырғыз Республикасының Жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингі - 2022" қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Білім және ғылым Министрінің орынбасары, профессор Мәмбетақынов Ұланбек Эсенбекұлы, ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу кеңесінің мүшелері, ЖОО ректорлары, сондай-ақ Қырғызстанның аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері қатысты.

IAAR аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі 2018 жылдан бастап Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Жоғары оқу орындарының рейтингтік зерттеулерін жүргізуде. Рейтингтік зерттеулердің цифрлық бағдарламасы Қырғыз Республикасының Жоғары оқу орындарының білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің сапасын объективті бағалауға, олардың ұстанымдарын мынадай деңгейлер бойынша анықтауға мүмкіндік береді:

  • Мамандарды даярлау бағыттары бойынша ЖОО-лардың институционалдық рейтингі;
  • Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының рейтингі;
  • Магистратураның білім беру бағдарламаларының рейтингі;
  • Оқытушылардың рейтингі "ТОП 50".

Қырғыз Республикасы – 2022 жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингінің нәтижелерімен www.iaar.agency сайтында танысуға болады және "Education. Quality Assurance» журналында.

Әріптестер