Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі Бүкіләлемдік Медициналық Білім Федерациясы мойындағандығы туралы жоғары мәртебеге ие болды
21.12.2017
Бүкіләлемдік Медициналық Білім Федерациясы /БМБФ (World Federation of Medical Education) – миссиясы жоғары сапалы ғылыми және этикалық стандарттарды енгізу арқылы бүкіл әлемде медициналық білім сапасын жоғарылату болып табылатын, құрамына медициналық білім бойынша 6 Өңірлік қоғамдастық кіретін халықаралық мекеме. Медициналық білім сапасын жоғарылату бойынша халықаралық қызметін 1984 жылы халықаралық медициналық білімді жаңғырту бағдарламасын іске асырудан бастады.
БМБФ Бүкіләлемдік денсаулық сақтау мекемесімен, Бүкіләлемдік Медициналық Қауымдастығы, ЮНЕСКО және БҰҰ бейіндік агенттіктерімен, Еуропадағы медициналық білім және медициналық мектептер Қауымдастықтарымен және де қатарына осы жылдан бастап Қазақстандық Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі/АРТА енген әлемнің ауқымды ұйымдарымен тығыз әрекет етеді.
2017 жылдың 14 желтоқсанда көптеген әлемдік білім сапасын қамтамасыз ету бірлестіктерімен мойындалған Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі БМБФ мойындағандығы туралы тағы бір жоғары мәртебеге ие болды. Бұл АРТА қызметінің жоғары деңгейдегі халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды.
АРТА – медициналық мекемелер мен бағдарламаларды халықаралық аккредиттеуден өткізу құқығын беретін Бүкіләлемдік Медициналық Білім Федерациясының мойындауына ие болған ТМД елдерінің ішіндегі тұңғыш мекеме.
Медициналық білім мекемелерінің Агенттіктен халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттеуден өтуі шығарылатын кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін және білім секторының экспорттық потенциалын жоғарылату бойынша ұлттық мақсатқа қол жеткізуімізге ықпал етеді.
Академиялық қоғамдастықты кезекті үлкен жетістігімен құттықтаймыз!
Әріптестер