“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі қайғыға ортақтасып көңіл айтады

01.11.2021

  

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) ұжымы Агенттіктің Бақылау кеңесінің төрағасы Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыға ортақтасып көңіл айтады.

Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетов – экс-Спорт және туризм министрі, V сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, жан-жақты, белсенді және дарынды тұлға, Қазақстандағы спорт пен туризмді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, жоғары білікті кадрларды даярлау әдістемесін әзірлеушілердің бірі өмірден озды.

Темірхан Мыңайдарұлы - дана, жарқын, ақылды, зиялы және адал тұлға еді. Өз ісінің жан-жақты маманы ретінде Темірхан Мынайдарұлы Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын дамытуға зор үлес қосты. Оның өмірден озуы -  Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ұжымы үшін орны толмас қайғы.

Темірхан Мынайдарұлы енді арамызда жоқ. Бұл  - отбасы мен достары, жақындары мен әріптестері үшін үлкен қайғы. Рухани жомарт және нағыз зиялы тұлғаның жарқын да мейірімді бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Отбасы мен жақындарына, достары мен әріптестеріне шын жүректен көңіл айтамыз.

Әріптестер