“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары Еуропалық DEQAR мәліметтер базасында

02.09.2021

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) - IAAR тарапынан аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің Еуропалық тізілімінің (EQAR) DEQAR мәліметтер базасына автоматты түрде енгізілетінін хабарлайды.

DEQAR Еуропалық тізілімі - сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропада танылған агенттіктермен аккредиттелген білім беру бағдарламалары мен білім беру ұйымдарының тізілімі. DEQAR негізгі мақсаты - еуропалық деңгейде танылған аккредиттеу агенттіктері жөнінде, сондай-ақ, халықаралық аккредиттеуден сәтті өткен жоғарғы оқу орындары туралы әлемдік қауымдастықты кеңірек ақпараттандыру.

IAAR «DEQAR арқылы Еуропалық жоғары білім беру аумағында сапаны қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейту» (Enhancing the Coverage and Connectivity of QA in the EHEA through DEQAR (DEQAR CONNECT) Erasmus + бағдарламасы шеңберінде шешімдер мен аккредиттеу туралы есептерді автоматты түрде жіберу жобасын іске асырды.

IAAR Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Молдова, Румыния және Украина мемлекеттерінің 93 білім беру ұйымының 2380 есебін DEQAR мәліметтер базасына енгізді.

Білім беру бағдарламалары мен білім беру ұйымдарының DEQAR-ға қосылуы олардың ESG стандарттарына сәйкестігін көрсетеді және аккредиттелген білім беру бағдарламаларының Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде танылуына негіз болады.

DEQAR-ға енгізілген IAAR білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары туралы қосымша ақпарат алу үшін  төмендегі сілтемеге өтіңіз: https://www.eqar.eu/register/agencies/agency/?id=30&cn-reloaded=1

 

Әріптестер