SAGRIS жобасының алғашқы мониторингі
29.05.2020
2020 жылдың 29 мамырында SAGRIS жобасының алғашқы мониторингін Қазақстандағы Ұлттық Эразмус + кеңсесі (NEO) жүргізді. Мониторингке Нюртинген-Гейслинген Университеті жобасының грант иегерінің барлық қазақстандық серіктестері қатысты. Жоба бойынша серіктестердің атқарылған жұмыс туралы есептері ұсынылды. Жобаға қатысушылармен кездесу барысында NEO директоры Тасболатова Ш.У. жобаның сапалы, уақтылы және өзектілігін қамтамасыз ететін шаралар туралы пысықтады. Кездесу соңында мониторингтің алдын-ала нәтижелері шығарылып, жобаны әрі қарай жүзеге асыру бойынша ұсыныстар берілді.
Әріптестер