“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Жылды қорытындылай келе

22.06.2017

15-16 маусым 2017 жылы АРТА конференц-залында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша материалдарын қарау және шешім қабылдау Аккредиттеу Кеңесінің отырысы болып өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, келесі білім беру ұйымдарының АРТА стандарттарына сәйкестігіне қызмет нәтижелері бойынша бағалау есептері ұсынылды:

15 маусым: Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Инновациялық Еуразия Университеті, Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университеті, Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі;

16 маусым: М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Павлодар химия-механикалық колледжі, "Аяжан" колледжі сондай-ақ, Сараптамалық Кеңестің Төрағасы АРТА 2017 жылы I жартыжылдықтағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелерімен таныстырды.

Сонымен қатар, 15 маусымда Кеңес отырысында аккредиттеу туралы түпкілікті шешім қабылдау бойынша АРТА рәсімімен танысу және іс-тәжірибе алмасу мақсатында Қырғыз Республикасы Білім және ғылым Министрлігі өкілдері қатысты.

Аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары бойынша ақпаратты Аккредиттеу бөлімінен табуға болады.

Әріптестер