“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

Ұлттық және шетелдік сарапшылардың сапалық әлеуетін арттыру

24.10.2024

2024 жылдың 24 қазанында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) академиялық сарапшылар үшін ССК құрамындағы білім беру ұйымдарына сапарға дайындық бойынша оқыту семинарын өткізді.

Жоғары оқу орындарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі жоба жетекшісі Назырова Гульфия және аккредиттеуден кейінгі мониторинг жөніндегі жоба жетекшісі Әуезханова Жұлдыз семинарға қатысушыларды аккредиттеу процесінің негізгі теориялық және практикалық тараптарымен, сондай-ақ ССК сарапшысының міндеттері мен функцияларымен таныстырды.

Тыңдаушылар IAAR халықаралық білім беру ұйымын және (немесе) білім беру бағдарламасын аккредиттеу стандарттарымен және аккредиттеу процесінде сыртқы бағалау рәсімін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтың қолдану тәжірибесімен танысты. Семинар барысында қатысушыларға жоғары оқу орнының өзін-өзі бағалау есебіне және ССК есебіне рецензия жасау дағдыларын дамыту үшін практикалық тапсырмаларды орындау ұсынылды. Тапсырмаларды орындағаннан кейін семинарға қатысушылар қалыптастырған ұсынымдар, ЖОО-ның күшті және әлсіз жақтары және білім беру бағдарламалары бойынша алқалы талқылау өткізілді. IAAR кезекті семинары сарапшыларды оқытуда, олардың кәсіби біліктілігін арттыруда және жаңа білім мен дағдыларды игеруге ықпал ете отырып, жеке дамуда маңызды буын болды.

Әріптестер