“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ

Independent agency for accreditation and rating

Қазақша
Кері байланыс
Тапсырыс беру

IAAR өкілдері «Білім беру сапасын арттыру құралдары» атты дөңгелек үстелге қатысты

19.05.2021

2021 жылдың 19 мамырында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО іскерлік орталығында ұйымдастырылған «Білім беру сапасын арттыру құралдары: вертикалды контекст және институционалды мүдде» атты дөңгелек үстелге белсенді түрде қатысты.

Іс-шараның мақсаты  - сапаны қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесін талқылау және Қазақстандағы сапаны қамтамасыз етудің жалпы саясатын әзірлеу бойынша ұсыныстар қалыптастыру болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы - Г.И. Көбенова, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары -  Б.М. Нарбекова, Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасы ұлттық кеңсесінің басшысы - Ш.Ө. Тасболатова және Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде Астана IT Университетінің ректоры - Д.Ж. Ахмед-Заки, Қазақстандағы жоғары бiлiмдi реформалау бойынша Сарапшылар Ұлттық Командасының (ЖБРС ҰК) төрағасы, Астана IT университетінің бірінші проректоры- С.М. Өмірбаев қатысты.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Бас директоры А.Б. Жұмағұлова «Халықаралық аккредиттеу - білім берудің жаһандық сапасын қамтамасыз ету парадигмасы» атты баяндама жасады.

Дөңгелек үстел аралас- оффлайн формат режимінде өткізіліп, оған 100-ден астам академиялық қауымдастық өкілдері, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысты. Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша қаулы қабылданып, ESG және ұлттық басымдықтар аясында білім сапасын қамтамасыз етудің келешек векторлары анықталды.

Әріптестер